Арктикалық экспедицияларға қатысушылармен кездесу

Облыстық кітапханада арктикалық экспедицияларға қатысушылар Азамат Исеналинов (Астана), Роман Гиричев (Петропавл), сондай-ақ павлодарлық Александр Вервекин жердің шетіне саяхаттан алған әсерлерімен бөлісті.

Олардың барлығы 2019, 2021, 2022 жылдары Қара теңіздегі Вилькицкий аралы мен үлкен жердегі Сеяха ауылын тазартуға қатысқан еріктілер ретінде Солтүстік Арктикаға экологиялық және экоәлеуметтік экспедицияларға қабылданды.

Олардың әрқайсысы өз әсерлері туралы айтып, эковолонтерліктің қажеттілігі туралы ойларымен бөлісті, Жас ұрапқ үйінен келген балалар сұрақтар қойды – Арктика еріктілер тобына қалай кіруге болады, дайындық оқу қанша уақытқа созылады? Қонақтар жан-жақты жауап берді, бейнелер мен фотосуреттерде өздерінің тұратын жерлерін, тамақтану мен климат, интернетсіз, байланыссыз өткен бір ай туралы, бауырластық пен өзара көмек жөнінде, ақ аюлардың әдеттері және олармен өзін қалай ұстау керектігі туралы айтты. Кездесу соңында көрермендер қонақтарға алғыс айтып, естелік суретке түсті!