Әріптестерімізді #ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ

Бүгін біздің әріптестеріміз үшін ең қуанышты күндердің бірі. Білікті де білгір мамандар Анна Александровна Камзина және Ольга Владимировна Гайдамака құрметті зейнеткерлік жасқа шықты. Сонымен қатар, Гүлжан Мұхаметжанқызы Буланбаеваны да мерейлі 50 жасқа келгенімен құттықтадық.

Кітапхана саласында көп жылдар бойы өнегелі еңбек етіп, тындырымды істер атқарып келген әріптестерімізді кітапхана ұжымы тәжірибелі, үздік маман ретінде құрмет тұтып сыйлайды.

Еткен еңбектің еленгені кімге де болса қуаныш, көңілге үлкен медет! Сол себептен де, бүгінгідей мерейлі сәтте әріптестерімізге шын көңілден шыққан ізгі - ниет, ақ тілектерімді арнаймыз!

Еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жетіп, бойыңызға мұқалмас жігер, қайтпас қажыр, отбасыларыңызға ортаймас бақ - ырыс тілейміз! Мерейіңіз үстем, мәртебелеріңіз биік болсын!