«Арт-кеңістік» - алаңы

Бірінші қабаттағы «Арт- кеңістік» - алаңында комикстер көрмесі қонақтардың назарын аударды. Жас суретші- иллюстратор Эдуард Яцевич сюжеттен бастап, сурет салып, бояуға дейін комикс қалай жасалады, рет-ретімен әңгімелеп берді. Сызбалардың қарапайымдылығының артында өте күрделі жұмыс жатыр, ол кейіпкердің эмоциясын, динамикасын көрсету.

Автограф-сессия Павлодарлық жас ақын -жазушылар Наталья Антарес, Александр Вервекин және Елена Игнатовскаяның қолтаңбасы бар кітапты сатып алуға мүмкіндік берді.

«Flow Dance Center» би студиясы бағдарламаны жалғастырды. Би алаңында қазіргі заманғы әр түрлі бағыттағы билерді билеген, кішкентай балалар мен тәжірибелі бишілер көрермендерді таңқалдырды!

«Биді ашуға көрермендердің қолдауы және кітапханадағы ерекше көңілді орта көмектесті», - деді ZhaStar жобасына қатысушылардың бірі, кішкентайларға хип-хоп жаттықтырушысы Мария Ли.

Комикстар бойынша байқаудың жеңімпазы «Enjoyshop» дүкенінің сертификатын ұтып алды.