АРТ-Студия: «Павлодар көктемі» ART-фестивалі

«PavlodART» бейнелеу өнері фестивалі қаланың шығармашыл жастарының қатысуымен өткен – «Фотуса» кездесуімен түйінделді. Фотуса қаланың креативті жастарына пайдалы танусылар сыйлайды: әріптестерінің жұмысынан шабыт алуға, жай ғана көңілді ортада уақыт өткізуге мүмкіндік туады. Бұл күні біздің кітапханада стилистер, модельдер, бет әрлеушілер, фотографтар секілді креативті қауым жиналды. Фотуса фото-кептіруден басталды: жастар жіптерге ілінген және «кептірілген» фотосуреттермен алмасты.

Одан кейін қатысушылар топқа бөлініп, қиялдарын және кәсіби шеберліктерін пайдалану арқылы түрлі тапсырмалар орындады. Ал кездесу соңында қатысушылар ары қарай бірлесіп жұмыс жасау үшін бір-бірімен телефон номерлерімен алмасты. Бұл күнгі кітапханадағы атмосфера шынымен де өте керемет болды: қаншама талантты жастар көңілді уақыт өткізді. Айта кетейік, біз мұнымен тоқтап қалмаймыз. Алда осы текстес шаралар ұйымдастырылатын болады. Әлеуметтік желідегі парақшамыздағы хабарландыруларды бақылай жүріңіздер!