«Арулар, асыл жандар / Праздник добра и красоты» атты арнау-кеші

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Жанашыр» орталығының жұмысы шеңберінде С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхана 5 наурызында «Арулар, асыл жандар / Праздник добра и красоты» атты арнау-кешін өткізді. Іс-шараға «Музыкалық колледж - дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат» кешені» ММ оқушылары және «Самал» ОО МҚБ тәрбиеленушілері қатысты.

Концерттік бағдарламада «Тарлан» домбыра триосының орындауында күйлер, аккордеонда музыкалық композиция, қазақша, орысша, француз тілдеріндегі әндер шырқалды. «Самал» орталығының тәрбиеленушілері вальс биін орындады.

Оқушылар тамаша өнер көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Концерт жылы және тату атмосферада өтті.