«Ашық зертхана»

9 ақпан күні С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Лаба» немесе «Ашық зертхана» халықаралық ағартушылық акция өтті. Бұл әлемнің 30 елінде өтіп жатқан ғылыми сауаттылықты тексеруге арналған шара. Павлодар қаласы алғашқы рет қосылып отыр.

Өзінің әлем мен адамның құрылымы туралы өз білімін тексергісі келетіндер аз болмады. Лабамеңгерушісі: (орыс тілінде) Анастасия Горбунова, жаратылыстану ғылымының бакалавры және Informburo.kz сайтындағы ғылыми-көпшілік материалдардың авторы., (қазақ тілінде) педагогика ғылымдарының магистрі және С.Торайғыров атындағы ПМУ, «Психология және педагогика» кафедрасының оқытушысы Тайболатов Қуандық. Акцияға қатысушылар 25 сұраққа жауап берді, ең нәтижелі жауап бергендер сыйлықтарға ие болды. Барлық қатысушылар - «Физика дома» ғылыми-көпшілік фильмін қызығушылықпен тамашалады.