АСТАНА КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Құрметті қазақстандықтар! Баршаңызды елордамыз - Нұр-Сұлтан қаласының туған күнімен құттықтаймыз! Елордамыз Тәуелсіз мемлекетіміздің өз қолымен салған тұңғыш астанасы болып тарих беттеріне алтын әріптермен жазылды! Азат еліміздің абат қаласы бейбітшілік пен бірліктің, еркіндік пен елдіктің символына айналды. Еңселі елордамыз мемлекетімізбен бірге гүлденіп, дами берсін! Астанасы бар елдің қашан да арманы асқақ, мәртебесі биік! Туған күніңмен, Елорда!