«Асыл қазына» үйірмесінің отырысы

13 наурызда облыстық кітапханада Павлодар түсті металлургия колледжінің студенттері үшін ақпараттық-танымдық «Асыл қазына» үйірмесі аясында «Ұлы дала елі» кітабы бойынша сыр-сұхбат өтті.

Жастар кітап жайлы ой-пікірлерін ортаға салды, кітапта берілген Қазақстан Республикасы туралы мәліметтерді, қазақтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрі, мерекелері, ұлттық тағамдары, ұлттық ойындар, ұлы дала өнерімен танысты. Іс – шара қатысушылары викториналарға, ұлттық ойындарға белсене қатысты.