«Асыл қазына» үйірмесінің отырысы

13 ақпан күні С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада «Асыл қазына» үйірмесінің «Қазақтың халықтық-қолданбалы өнері» тақырыбында кезекті отырысы өтті. Онда Павлодар техникалық қызмет көрсету колледжінің оқушылары қатысты. Павлодар көркемсурет мектебінің кескіндеме, композиция және сәндік-қолданбалы өнер оқытушысы, Павлодар қаласындағы Суретшілер одағының мүшесі, белгілі зергер Ловина Ольга Ивановна қазақ халқының материалдық мәдениеті туралы айтып, ұлттық стильде өз бұйымдарын көрсетті және киіз басу бойынша шеберлік-класын өткізді. Іс-шараға облыстық кітапхана қорынан кітап көрмесі ұйымдастырылды.