«Ауған соғысының жаңғырығы» патриотизм сабағы

13 ақпанда балалар әдебиеті бөлімінде «Ауған соғысының жаңғырығы» патриотизм сабағы өтті. Іс-шара Ауғанстаннан әскерлерді шығарудың 30 жылдығына арналды.

№39 және № 11 жалпы орта білім беру мектептерінің оқушыларына Павлодар облысының Ауған соғысы ардагерлері Одағының мүшелері Мұстафин Оразбай Жасауұлы және Кеңесбаев Абылай Құнанбайұлы өздерінің әскери қызметтері туралы әңгімеледі, әскери өміріндегі қызықты оқиғаларды еске алып, барлық қатысушыларға – Отан алдындағы әскери міндеттерін адал орындап, Отанының тарихын құрметтеуді насихаттады. Кездесу соңында балалар қонақтарға алғыс айтып, мерейтойлық кездесуден естелік ретінде кітаптар сыйлады.