Қолтаңба сессия

20 сәуірде Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай павлодарлық ақын, жазушы - фантаст Наталья Антарес кітапхана оқырмандарымен қолтаңба - сессия өткізді. Іс шараның салтанатты ашылуында қонақтар алдында өзінің шығармашылық жолымен, өз қолымен кітаптарды безендіру жайында және жоспарларымен бөлісті. Жазушының шығармашылығымен қызыққан оқырмандар жақын танысып, қолтаңба алды. Іс шара соңында жазушыға алғыс хат пен сыйлыққа кітап табысталды.