Азаматтардың құқықтары мен бостандығын қорғау - мемлекеттің маңызды құрамдас бөлігі

27 ақпан күні облыстық кітапханада ҚР ІІБ ҚАЖК Оқу орталығының аға оқытушысы, майор Жупаева Әсем Жұмагелдіқызы Павлодар технологиялық колледждің 3 курс студенттеріне «Азаматтардың құқықтары мен бостандығын қорғау - мемлекеттің маңызды құрамдас бөлігі» тақырыбында құқықтық сағат өткізді.

Ашық және қызу әңгіме барысында құқықтық тәрбие беру мақсатында «Адам құқығының тарихы» атты әлеуметтік ролик студенттер назарына ұсынылды және азаматтардың құқықтары мен бостандығының сақталуына байланысты мәселелер, олардың құқықтық міндеттері, сондай-ақ омбудсмен институты - адам құқықтарына байланысты өкілетті органның құрылу тарихы қарастырылды.