АҚШ Елшілігінің өкілі – К. Дубровскиймен кездесу

19 қыркүйек күні халықаралық кітап секторында Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің өкілі Константин Дубровскиймен кездесу өтті. Іс-шара тақырыбы – «Ғылымның саясатта алатын орны». Кітапхана қонағы өз сөзінде қазіргі ғылымның орны, ғылыми саясат, мемлеттік саясат пен ғылымның байланысы туралы айтты. К. Дубровский келушілер назарына Америкадағы және Қазақстандағы білім беру, тілдердің қолданысы жайлы өз пікірімен бөлісті. Кездесу қатысушылары – университет, колледж студенттері, оқытушылар мен кітапхана оқырмандары.
К. Дубровский көрермендер қойған түрлі сұрақтарға жауап берді, ал келушілер, өз тарапынан қонағымызға жылы лебіздерін білдірді.