Байқаудың қорытындысы шығарылды

Байқау Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналды. Байқаудың негізгі мақсаты – әдеби шығармаларды оқуды ұнататын, өз ойын еркін жеткізе алатын жас ұрпақты көпке насихаттау. Қатысушылар Instagram, FACEBOOK, VK әлеуметтік желісіндегі жеке парақшаларында #ментуғанкүназаткүн #туған күн #Тәуелсіздік күні #Тәуелсіздік #облыстықкітапхана хэштегтерін көрсетіп, белгілі бір кітап немесе шығарма туралы көлемі 3 минуттан аспайтын бейне түсіріп, жариялауға тиіс болды.

Сайыс қорытындысын шығару кезінде жұмыстардың конкурс тақырыбына сәйкестігі, бейне сапасы, жалпы және композициялық сауаттылық, қаралымдар мен комментарийлер саны сияқты өлшем шарттар ескерілді.

Байқауға барлығы 12 адам қатысты. Олардың барлығы туған күнін 16 желтоқсанда атап өткен адамдар. Ең жас қатысушы 6 жастағы Атығай ауылындағы мектептің 1 сынып оқушысы Фатима Құшарғали. Ол «ең жас патриот» номинациясының жеңімпазы атанды. Басқа номинациялар бойынша Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған №8 лицейінің 7 сынып оқушысы Александр Горностаев («Мейірімділік - әлемді құтқарады») және Ақтоғай ауданының Мүткенов ауылының «Балапан» шағын орталығының тәрбиешісі Нұргүл Серік («Тәуелсіздік жаршысы») жеңімпаз атанды. Ал Ақсу қаласы қазақ гимназиясының 3 сынып оқушысы Асанәлі Құрмашев (1 орын), Ақсу қаласы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназияның 5 сынып оқушысы Аңсар Нұрғалиев (2 орын) және Ақсу ауданы Еңбек ауылының 8 сынып оқушысы Жалғас Аскерхан (3 орын) жеңімпаз атанды. Барлық қатысушылар алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.