«Бала Мәшһүр» кітабының тұсаукесері

12 қыркүйек күні облыстық кітапханада Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, жазушы, ақын Сүлеймен Баязитовтің «Бала Мәшһүр» атты кітабының тұсаукесері өтті. Белгілі балалар ақыны өзінің жаңа жинағында Мәшһүр бабамызға арнап поэма, «Тұлғалар» деп аталатын бөлімінде қазақ елін әлемге танытқан Бұхар жырау, Құрманғазы, Әміре Қашаубаев, С.Дөнентаев, Шәкен Айманов сынды тұлғалардың бейнесіне жыр арнаған. Кездесу кешіне жергілікті зиялы қауым өкілдері, журналистер, облыстық мамандандырылған әскери-кадет мектебінің оқушылары және қалалық кітапхана қызметкерлері қатысты.