Балаларға қызмет көрсететін кітапханаларда оқудың тиімді модельдері

2022 жыл – «Балалар жылы» деп жарияланып, барша кітапханашылар қауымы үшін ерекше қуанышты жаңалық болды. Себебі, кітапхананың негізгі оқырмандары балалар деуге болады. Яғни, мектеп оқушылары мен студенттер тұрақты келеді.

29 сәуір күні М.Жаманбалинов атындағы орталық балалар кітапханасында «Балаларға қызмет көрсететін кітапханаларда оқудың тиімді модельдері» атты семинар өтті.

Біздің өңірде барлық 227 кітапхана балаларға қызмет көрсетеді. Мамандандырылған балалар кітапханалары барлығы 6, оның ішінде 4 қалалық филиал, Ертіс орталық аудандық кітапханасының 1 филиалы және 11 балалар әдебиеті бөлімі.

Семинарға қатысушылар - Павлодар облысының филологтары, жазушылары, кітапханашылары балалар кітапханалары мен орталықтарының балалар оқуын насихаттау бойынша жұмыс тәжірибесімен танысты. Бүгінгі күні жасөспірімдер мен жастар арасында қандай заманауи балалар әдебиеті танымал екенін білді, әлеуметтік желілер мен смартфондар әуесқойларының қолына кітап алу ынтасын оятатын қабілетті балалармен жұмыс істеу әдістері мен нысандарының кең тізбесін талқылады. Семинарға 40 аса адам қатысты

Іс-шараның екінші бөлімінде «Смарт-кітапхана» инновациялық жобасының тұсаукесері өтті, кітапханашылармен «Болашақтың тұғыры білімді ұрпаққа» Брейнсторминг (Ми шабуылы) өткізілді.

29 сәуірдегі «Балаларға қызмет көрсететін кітапханаларда оқудың тиімді модельдері» ОКЖ қызметкерлеріне арналған семинар қорытындысы бойынша Павлодар қаласы ОКЖ ұсынған жобалар, жұмыс жоспары мен іс-шаралар:

1) «Киноға айналған кітаптар» айдарын жүргізу
2) «Балалар үшін идеал кейіпкер кім?», «Балалар арасында кітап оқу мәдениеті» тақырыптарында оқушылар және жазушылармен бірлесіп «Миға шабуыл» іс-шарасын өткізу
3) Оқылымы жоғары бизнес кітаптар бойынша «Бизнес коучерлер тренингтерін» ұйымдастыру
4) Балалар жазушылары және ғалымдармен бірлесіп Павлодар облысы бойынша «Балабақшаларға әдістемелік нұсқаулықтар мен хрестоматия» әзірлеу.
5) «Панорама кітаптар» сериясын сатып алу
6) «Қазақша комикстер» сатып алу
7) Топ 10 оқылатын кітап бойынша жаңа формат ұсыну. Әр кітаптың мазмұнын ашатын іс-шаралар (оқырман пікірі, оқырман конференциясы, аудио шолу және т.б.) ұйымдастыру.
8) Кітапхана қорына сұранысқа ие кітаптарды тарту ететін адамдар арасында «Кітапқұмар меценат» жобасын әзірлеу. Үздік меценатқа «Алтын кітап» сыйлығын табыстау конкурсының жобасын ұсыну.
9) «Кітапханашысының өзін-өзі дамыту сағаты» аймағын құру, кітапханашыларға бірнеше сағат немесе 1 күндік бос уақыт беру мәселесін қарастыру және оны қызметтік міндетіне бекіту.