"Баланың шаттығы -ата-ананың бақыты!" атты әдеби-ойын мерекесі

1 маусым күні Сүлеймен Баязитов атындағы балалар оқу орталығында «Баланың шаттығы - ата-ананың бақыты!» атты жыл сайынғы қызықты, танымдық, шығармашылық қабілеттерін ортаға сала алатын Жазғы оқулар іс-шарасы бастау алды. Аталмыш іс-шара кітапхана ғимаратының жанында өтті. Балаларға арналған үш алаң жұмыс істеді:
- «Литературный ералаш» алаңында әдеби викториналар, қазақстандық, орыс және шетелдік балалар әдебиетінің жаңа өнімдерінің кітап көрмесі және Павлодарлық балалар ақыны Людмила Бевздың қолтаңба-сессиясы өтті;
- «Шаттанамыз, ойнаймыз!» алаңында әр түрлі ойындар: шахмат, асық, арқан, үстел ойындары ойнатылды;
- «Шеберліміз бәріміз» атты шығармашылық зертханада - асфальтқа сурет салу, модельдеу, аппликация жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, мерекелі күні әлеуметтік желілер беттерінде онлайн режимінде «Балалар құттықтау жолдайды!» атты челлендж-құттықтау өтті. Кітапхана оқырмандары бір-бірін және достарын мерекемен құттықтады. Жаз - балалардың кезекті жазғы демалыс уақыты. Мұндай тамаша мүмкіндікті, бос уақытты кітапсыз өткізуге болмайды! Сондықтан біз барлық кітап әуесқойларын Жазғы шығармашылық байқаулар мен ойын бағдарламаларына қатысуға шақырамыз!