Бахыт Баймульдинованың шығармашылық кеші

17 қараша күні «Истоки» әдеби – сазды клубының шеңберінде ақын, суретші, философ, көркем фильмдердің сценаристі, «Мәдениет» номинациясы бойынша бірінші республикалық интернет – сайттың лауреаты Бахыт Баймульдинованың шығармашылық кеші өтті.

«Маленький кораблик», «Поэт», «Круг дождя», «Звезда» атты поэзиялық жинақтардың авторы адамның өмірі, өлім және ажалсыздық, адамның шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту туралы философиялық ой – пікірлерімен, өзінің поэзиялық жинақтарындағы өлеңдермен бөлісті. Б. Ахметов атындағы педагогикалық колледж студенттері өз қылқаламдарынан туған туындыларды оқып, белсене атсалысты. Рафаэль Мұхамеджанов, Татьяна Панина, Наталья Борисовская, Жасұлан Садықов, Владимир Куприн сынды жергілікті ақындар қатысушыларға қолдау көрсетіп, жылы лебіздерін білдірді.