Заманауи ілім – интернет игілігі

С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада өткен халықаралық кітапхана форумы кезінде «Сервистермен қашықтықтан жұмыс істеу кезіндегі негізгі дағдылар мен мінез-құлық мәдениеті. Білім берудегі бұлтты технологиялар» тақырыбы бойынша шеберлік сағаты өтті. Аталған шараны ҚР ҰАК ақпараттық ресурстар жөніндегі басшының орынбасары Нұржан Нұрланұлы Жолдыбалинов өткізді.

Нұржан Нұрланұлы өз сөзінде кітапхана мамандарының заманауи тұрғыдағы цифрлық білімін, іскерлігін және дағдыларын арттыруға арналған цифрлық және бағдарламалық ресурстар туралы кеңінен айтып берді. Ол қазіргі заманғы цифрлық қоғам қызметтің барлық салаларына әсер ететін технологияларды дамытудың жоғары қарқынымен сипатталатынын және кітапхана саласы қызметтерінің сапасын арттыруға ықпал ететін ашып айтты. Сонымен қатар жалпыға бірдей қолжетімді онлайн-технологиялардың біз біле бермейтін қырлары туралы айтып, маңызды мағлұматтар берді.