БАҚ-пен жұмыс жөніндегі семинар-тренинг

27-28 тамыз күндері облыстық кітапхананың автоматтандыру бөлімінің қызметкерлері Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы ұйымдастырған жетекші пиар-маман Ринат Балғабаевтың семинар-тренингіне қатысты. Екі күндік қарқынды жұмыс барысында қатысушылар SMM мүмкіндіктері туралы ақпарат, әлеуметтік желілерде мемлекеттік мекемелер парақшаларын жылжыту бойынша ұсыныстар алды.

Семинар қатысушыларына сертификаттар берілді.