«Саусақ ұшындағы әлем» атты әңгіме

16 қыркүйек күні облыстық кітапхананың қызметкерлері Павлодар қаласындағы №7 арнайы мектеп-интернатына барып, оқушыларға «Саусақ ұшындағы әлем» атты тәжірибелік әңгіме өткізді. Іс-шараға қатысушылар Брайль шрифтінің шығу тарихы туралы көп мәлімет алды. Брайль шрифтінде және үлкен басылымда өздерінің оқу дағдыларын көрсетті. Ең белсенді қатысушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.