«Красивые и опасные: растения, которые нельзя даже трогать» әнгіме

22 мамырда «Природа – бесценный дар» жобасы аясында «А.Байтұрсынұлы атындағы инновациялық үлгідегі орта мектептің» 8Д сынып оқушылары үшін «Красивые и опасные: растения, которые нельзя даже трогать» тақырыбында әңгіме өтті.

Әңгімені биология ғылымдарының докторы, жалпы биология кафедрасының профессоры, Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің оқытушысы Наталия Евгеньевна Тарасовская жүргізді.

Мұғалім өз әңгімесінде оқушыларға улы өсімдіктер, олардың мекендейтін жерлері мен өсуі туралы түсінік беруге тырысты. Слайдтар көрсетіліп, қауіпті және улы өсімдіктердің атауларын білу бойынша викторина өткізілді.