«Заманауи жұмысшы мамандықтары» әңгіме-сұхбат

21 қарашада «Заманауи жұмысшы мамандықтары» тақырыбында әңгіме – сұхбат өтті. Техникалық қызмет көрсету колледжінің оқытушысы Д.Н Кобжасаров №7 мектептің 8-сынып оқушыларына арналған әңгіме-сұхбат өткізді.

Заманауи жұмысшы мамандықтардың басты артықшылығы - оларсыз көптеген салалар жұмыс істемейді. Мүмкін кейбір мамандықтар осы әлемдегі барлық нәрсе сияқты өзгеріп, түрленетін шығар. Бірақ қай мамандықты айтсақ та, өз ісін жақсы атқаратын шеберлерге сұраныс қашанда жоғары болмақ.