«Мен табиғат әлемін кітап арқылы танимын» атты әңгіме

25 сәуір күні облыстық кітапханада «Табиғат - баға жетпес сый» жобасы аясында «Мен табиғат әлемін кітап арқылы танимын» атты әңгіме өтті. Гуманитарлық педагогикалық колледж студенттеріне әңгімені биология ғылымдарының докторы, жалпы биология кафедрасының профессоры, Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің оқытушысы Наталия Евгеньевна Тарасовская жүргізді.

Наталия Евгеньевна студенттерге дүниені танып - білу, табиғат пен қоршаған ортаның сұлулығын көру, сезіну, түсіну жеке бақылау арқылы ғана емес, әдебиет арқылы да жеткізуге тырысты. Студенттер «Мен өсімдіктер туралы не білемін» тақырыбындағы викторинаға белсенді қатысты.