«Бетпердесіз әңгіме» онлайн жобасы көрерменге жол тартты

С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапханасы онлайн режимде «Бетпердесіз әңгіме» танымдық жобасын қолға алды. Жаңа жоба аясында облысымыздағы зиялы қауым өкілдері мен және өз саласында айтарлықтай жетістікке жеткен жастармен сұхбат жүргізілетін болады.  Аталған жоба кәсіби салада жетістікке жеткен, өзіндік дара жолымен өзгеге үлгі болатын адамдарға арналған. Жобада жеке адамдардың нақты тағдыры мен өмірбаяндары арқылы бүгінгі, заманауи Қазақстанның келбеті көрініс табады. Идея авторы, әрі бағдарлама жүргізушісі  облыстық кітапхананың ақпарат, тіркеу және бақылау бөлімі қызметкері - Қарлығаш Қашқынбай.

«Бетпердесіз әңгіме» ютуб жобасы осы жылдың қараша айынан бастап іске қосылды. Жоба айына 2 мәрте облыстық кітапхананың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында тұрақты түрде жарияланатын болады. Кітапхананың тұрақты оқырмандарымен белді азаматтармен белсенді жастармен тығыз байланысын орнату мақсатында қолға алынған бұл бағдарламаның бірінші қонағы елімізге белгілі журналист, «JEBE» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Данияр Жұмаділмен өтті.

.