Торайғыров библио-кафесі

21 сәуірде С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай кітап фестивалі ұйымдастырылды.

Кітап күнін мерекелеу аясында абонемент бөлімінде «Торайғыров библио-кафесі» ашылды. Әдемі безендірілген кафе стиліндегі «Библио-кафеде» қонақтар үшін тақырыптық столдар қойылып, оқуға кітап мәзірі ұсынылды. Келген қонақтар ПМУ, М.Қанапьянов атындағы жоғары колледж, Б.Ахметов атындағы педагогикалық колледж, медициналық колледж, монтаж колледжінің студенттері «Жаңа кітаптардан», «Классикалық ыстық тағамнан», «Теңіз гарнирінен», «Поэзиялық салаттан», «Шытырман оқиғалы микс», «Детективті десерттен» және т.б. көптеген қызықты мәзірлерден дәм татты.

Әдеби сұрақтарға жауап берген жастар тәтті сыйлықтарға ие болды.