«Кітап кафесі»

20 сәуірде Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні аясында оқу мәдениетін қолдау және Қазақстан, Ресей және шетел жазушыларының үздік шығармаларын насихаттау мақсатында абонемент бөлімі «Библиокафе» стилінде безендірілді.

Библиокафеге келушілерге кафе тағамдары: «Жаңа кітаптар», «Классикалық ыстық тағамнан», «Теңіз гарнирінен», «Поэзиялық салаттан», «Шытырман оқиғалы микс», «Детективті десерттен» деген кітап мәзірі ұсынылды. Қабанбай батыр атындағы облыстық мамандандырылған «Жас сарбаз» лицей-мектеп-интернатының оқушылары Библиокафенің зияткерлік ойындарына белсене қатысты.