«Кітапхана түні-2023»

19 қазанда облыстық кітапхана «Кітапхана түні-2023» әлеуметтік-мәдени акциясы аясында барша  келушілерге өз есігін айқара ашты. Барлық шаралар «Күзгі vibe» тақырыбында өтті.  

Кештің ең жарқын бөлігі – Күзгі бал мерекесі, ал оның белсенді, креативті, ерекше кейіпкерлері ретінде Патша мен Патшайым жарияланды.

Кеш барысында қонақтар әдеби-музыкалық кешті тамашалап, грек, армян ұлттарының поэзиясы мен әндерін,  романс сүйетіндер күзгі романс тыңдап, «Осенний блюз» қиял-ғажайыптар әлемінде болып ұмытылмас әсер алды.

Поэтикалық сөздің құдіретін түсінетіндер үшін «Жапырақ жүрек жауһар жыр» кеші, туған өлкені шын жүректен сүйетін және оның бай тарихына қызығушылық білдірушілер үшін әйгілі өлкетанушы Э.Д. Соколкиннің «Хрестоматия по географии Павлодара» кітабының тұсаукесері, «Все это было...» тақырыбы бойынша ақын Л. Бевзбен шығармашылық кездесу болды.

Бұл кеште әр келуші өзіне ұнайтын «Пилатес», «Сиқыр әлемі» қызықты интерактивті ойындар, «Поле чудес» шоуы, логикалық шахмат ойыны алаңдарына қатысты.

«Күзгі арбат» алаңында қолөнершілер, суретшілер, қолданбалы өнер шеберлері де өз туындыларымен  қуантты. Балалар аймағындағы кішкентай қонақтарды клоундар, сиқыршылар, ойындар мен викториналар күтті.

«Күзгі бақша» инсталляция-көрмесінде көкөністер мен жемістерден, жапырақтардан, гүлдерден және басқа да табиғи материалдардан жасалған қолөнер мен композициялар, күз сыйлықтарының қиял-ғажайыптары ұсынылды.