«Ресей және Қазақстан кітапханалары: идеялар мен тәжірибе алмасу»

12 наурызда С. Торайғыров атындағы ОӘҒК мамандары Новосібір мемлекеттік облыстық ғылыми кітапханасы ұйымдастырған «Ресей және Қазақстан кітапханалары: идеялар мен тәжірибе алмасу» атты дөңгелек үстелге қатысты.
Онлайн кездесу гибридті форматта өтті, кітапханалардың жобалық қызметі, қазіргі заманғы адамның білім берудегі және өзін-өзі тәрбиелеудегі кітапханалардың рөлі туралы кәсіби талқылау өтті. Павлодар ОӘҒК әмбебап оқу залының басшысы Сәуле Жанкаринова кітапхананың алға жылжуға мүмкіндік беретін жобалары мен бағдарламалары туралы айтып берді. Бүгінде облыстық кітапхана 30-дан астам түрлі жобаларды жүзеге асыруда дәл осы жобалық қызмет білімді, ғылым жетістіктерін насихаттау үшін ең жаңа тиімді инновациялық шешімдерді табуға көмектеседі. Дөңгелек үстелге Ресейдің: Новосибирск, Архангельск, Тамбов облыстарының, Қырым Республикасының, Краснодар өлкесінің, Нижневартовск қаласының кітапхана мамандары және Қазақстанның Павлодар, Шығыс Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстарының кітапхана мамандары қатысты.