«ЖАЗ БОЯУЛАРЫ» БИБЛИОВЕРНИСАЖЫ

27 шілде күні облыстық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде жас суретші Н.Рушеваны еске алу халықаралық байқауының дипломанты (Мәскеу қ.), «Биеннале –2016» (Словакия), «Радость Ташкента», «Сакральные места Прииртышья», облыстық «Автограф», «Мир вашему дому», «Тәуелсіздік тұғыры» атты сайыстардың жеңімпазы мен дипломанты Дарья Лезинаның «Жазғы бояулар» атты үздік картиналары мен сәндік бұйымдарының библиовернисажы өтті. Іс-шараға жас суретшінің картиналары мен сәндік бұйымдары ұсынылды.

Д. Лезина әртүрлі тәсілдермен орындалатын туындыларының жасалу жолдары мен балшықтан, ағаштан, ермексаздан және басқа да материалдардан жасалған қолөнер бұйымдарын жасау технологиясы туралы әңгімелеп, оқырмандардың сауалдарына жауап берді, «Жазғы гүл шоғы» атты шеберлік-сыныбын көрсетті.