«Білімпаз» танымдық алаңын

С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығы жыл сайынғы «Кітапхана түні» әлеуметтік-мәдени акциясы аясында «Білімпаз» танымдық алаңын ұйымдастырды.

«Домовята» театр студиясының әртістерінің қатысуымен  «ЭкоLife» атты викториналық ойын өткізілді. Сұрақтарға дұрыс жауап берген балалар естелік ретінде сыйлықтар алды.

 Қатысушылар назарына аэродизайнер Муслимова Сымбат  твистинг  бойынша шеберлік сабағын өткізді. Шарлардан мүсінше жасап, балалар тағы бір сыйлыққа ие болды.