«Болашақ Сәулетшілер» атты дөңгелек үстел

16 қарашада облыстық кітапханада «THE DEVELOPMENT FUND of AGRICULTURE» (бұдан әрі-TDFA) компаниясының «Болашақ Сәулетшілер» атты жобасы таныстырылды. TDFA қызметінің негізгі түрі Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығын жүргізудің жаңа моделін енгізу болып табылады, ол әлемде алғаш рет вертикалды үйлестірумен қатар вертикалды біріктіруді де пайдаланатын болады.

Іс-шараға TDFA Қорының Павлодар облысының өңірлік өкілі Н.Ж. Нығметов және Инновациялық Еуразия университеті колледжінің студенттері қатысты. Іс-шараға қатысушылар сұрақтарға толық жауап алды, компания қолданатын әдістерге өз көзқарастарын білдірді.