Бүгін медицина қызметкерлері күні!

Барша ақ желеңді абзал жандарды кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!

Дәрігерлердің жұмысы қай кезде де оңай болған емес. Әсіресе, биылғы жыл медицина мамандарының көмегі халыққа ауадай қажет болып тұр.

Құрметті адам жанының арашашылары! Баршаларыңыздың дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз! Ел үшін еткен еңбектеріңіз елеулі болсын!