Майлы техникадағы пейзаждың жылдам этюды

17 сәуір күні облыстық кітапхананың Креативті шығармашылық орталығы «ART-STUDIO» жобасы аясында көркемсурет колледжінің студенттері және қала жастарымен «Майлы техникадағы пейзаждың жылдам этюды» тақырыбында шеберлік сабағы өтті. Шеберлік сабағын суретші-педагог, Павлодар көркемсурет колледжінің, арнайы оқытушы Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының мүшесі - Зура Асылғазина өткізді.

Жас суретшілерге майлы техникадағы пейзажды салудың негізгі принциптері мен жылдам салу әдісі көрсетілді. Жалпы осы форматта 20-30 минутта көріп тұрған табиғатты қалай тез кенеп бетіне аз уақытта түсіре қоюды үйренді. Келген қатысушылар қызығушылық танытып, белсенді қатысып өздері де сурет салды. Сабақ бір демде керемет көніл күйде өтті.