Біліктілікті арттыру күні

1 қараша күні облыстық кітапхана қызметкерлері үшін республикалық іс-шараларға қатысу және іссапарлар қорытындысы бойынша өндірістік оқу ұйымдастырылды.

Кітапхана қызметкерлері жыл сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында (Астана қ.) "Бір ел – бір кітап" республикалық акциясы комиссиясының кеңейтілген отырысына қатысады. Отырыс барысында 2017 жылдың қорытындысы шығарылып, С. Торайғыров шығармаларын зерттеу бойынша Павлодар облысы жүргізген жұмыстар ерекше атап өтілді. Кітапхана басшысы Ш. Шахметова облыс делегациясының құрамында Алтай өлкесінің Барнаул қаласындағы Павлодар облысының мәдениет күндеріне арналған іс-шараларға қатысты. С. Торайғыров атындағы Облыстық кітапхана қорынан Павлодар облысының 80 жылдығына 166 кітап ұсынылған, Павлодардың Ертіс өңірінің тарихы мен қазіргі заманға арналған "Болашаққа ұмтылған өлке " атты кітаптық-иллюстрацияландырылған көрме ұйымдастырылды.

Астана қаласындағы "Көрме" көрме орталығында, облыстық кітапхана "Eurasian Book Fair-2018 "III Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесіне қатысты, онда 2017 жылы шығарылған Өлкетану әдебиеттерінің коллекциясын, 20 томдық М. Ж. Көпеевтің шығармаларының жинағын, нашар көретін және көзі көрмейтін жандарға арнап бедерлі-нүктелі форматта шығарылған С. Торайғыров шығармаларын, сондай-ақ "Қазақстан классиктері - Павлодар өңірінің жазушылары мен ақындары " атты екі тілдегі мобильді QR кітапханасын ұсынды. Кітапханаға авторлар мен баспалардан кітаптар сыйға ұсынылды.
Астананың 20 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралар туралы: әлемнің 20 ірі кітапханаларының және Қазақстан кітапханаларының қатысуымен «Летопись столиц мира» халықаралық көрмесі; Ұлттық кітапханада (Астана қ.) өткен Қазақстан Астанасының 20 жылдығына арналған «Культурный текст Астаны» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы; халықаралық оқу Конгресін кітапханаларды дамыту және әдістемелік жұмыс бөлімінің басшысы А. Жылқыбекова, орналастыру және бұқаралық іс-шаралар бөлімінің басшысы М. Тәженова әңгімелеп берді.
«Библиотеки и их роль в меняющемся обществе: стратегии и тренды» атты Назарбаев Университетінде және жоғары білім көшбасшыларының Еуразиялық форумының аясында өткен VII Халықаралық ғылыми – практикалық конференция туралы кітапханаларды дамыту және әдістемелік жұмыс бөлімінің басшысы А. Жылқыбекова хабарлама жасады.
Австралия, Жаңа Зеландия және Сингапур тәжірибесінде электрондық кітапханаларды цифрлау және толықтыру халықаралық тәжірибесімен "Қазақстан кітапханаларын цифрландыру" семинар-тренингіне қатысушы инженер-системотехник Ю. Дорошенко таныстырды.
Қыркүйек айында Алматы қ.ҚР ҰБ-да 200-ден астам адам жиналған кітапханашылардың Бүкілқазақстандық съезі өтті. Съезд жұмысында Кітапхана ісі саласында маңызды құжаттар қабылданды. Қазақстан кітапхана саласының барлық мәселелерін қозғаған Розолюция съезді болды. Бұл туралы негізгі қорларды сақтау бөлімінің басшысы М. Гончарова айтты.
Жас Отан" Жастар қанатының бастамасымен аймақтық кітапханаларды жаңғырту негізінде жаңа форматтағы жастар білім орталықтарын құру тұжырымдамасы Назарбаев Университеті базасында көпшілік кітапхана қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша семинар-тренингте талқыланды. Инновациялық-әдістемелік жұмыс секторының жетекшісі Г. Қаужапарова қатысушыларды 17 облыстық көпшілік кітапханаларын жаңғырту және оларды "Білім тарату орталықтарына" айналдыру мәселелерімен таныстырды.