«Бірлігіміз жарасқан, Қазақстан» атты мерекелік кеш

29 сәуірде Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Павлодар облысының Чуваш қоғамдық-мәдени орталығы» ҚБ қатысуымен «Бірлігіміз жарасқан, Қазақстан» мерекелік кеші өтті. Кеш бағдарламасында: «Сеспель» вокалдық ансамблінің дәстүрлі әндер мен ойындармен өнер көрсетуі, чуваш халқының салт-дәстүрлерімен, мәдениетімен, тілімен, әдет-ғұрыптарымен танысу. Этномәдени орталық «Біз бір шаңырақ астында өмір сүреміз» атты халықтық - қолданбалы өнер бұйымдарының көрмесі мен бейне-презентациясын ұсынды. Іс-шараға қала колледждерінің студенттері қатысты.