«Біз ғаламтордың тұтқынымыз»

14 наурызда облыстық кітапханада №34 мектептің 8 сынып оқушылары үшін «Айтолқын» клубының отырысы өтті. Іс – шара №2 емхананың психолог – дәрігерлері Н.Е. Арыстан мен К.Б. Аиповпен бірлесіп өткізілді.

Сабақ психологиялық тренинг элементтерін пайдалана отырып, ойын түріндегі ынталандыру әңгімесі үлгісінде өткізілді, жасөспірімдердің психикасына әлеуметтік желілердің әсерінің оң және теріс жақтары ашылды. Балалар тренингке белсенді қатысып, қызығушылық танытты, күрделі жағдайларды талқылып, өз шешімдерін және пікірлерін ұсынды. Кітапхана қызметкерлері кітап көрмесін таныстырды.