Бәрі де балалар үшін

С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығында алғаш рет «Ымырттағы кітапхана-2023» әлеуметтік акциясы ұйымдастырылды. Балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлауға бағытталған мерекелік шара жоғары деңгейде өтті.

Шара барысында кішкентай оқырмандарға арналып шеберлік сабақтары, қолөнер және тәтті тағамдар жәрмеңкесі, квест ойын, қынамен сурет салу, аквагрим, тегін лотерея, сабынды көпіршік шоуы секілді шаралар ұйымдастырылды. Балақайлар би билеп, түрлі ойындар ойнап, үздік образда костюм киген оқырмандар сый-сияпаттарға ие болды.

Сонымен қатар «Оқуға құштар отбасы» облыстық байқауының жеңімпаздары марапатталды. Атап айтсақ, «Өнерлі отбасы» номинациясын Абайдуллиндер отбасы, «Позитивті отбасы» аталымын Сыздықовтар, ал «Ең үздік оқуға құштар отбасы» номинациясын Омаровтар шаңырағы жеңіп алды.