«Чай для мамы» мерекелік қонақжайы

2 наурыз күні балалар әдебиеті бөлімінде «Чай для мамы» мерекелік қонақжайы есігін ашты.
8 – Наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған іс – шараға «Кітапқұмарлар» клубының мүшелері қатысты. Мерекелік қонақжайда кітапхананың тұрақты оқырмандары аналарымен бірге жиналды. Балалар өз күшімен қызықты және алуан түрлі мерекелік бағдарлама әзірледі: музыкалық құттықтаулар, көңілді байқаулар, өз қолдарымен жасаған сыйлықтарды табыстау және тәтті тағамдар.