Иса Байзақовтың 120 жылдық мерейтойына арналған «Өлеңнің өткел бермес жүйрігі» атты ақпараттық сағат

24 қыркүйек күні кітапханамызда «Жас дарын» мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектебінің 9 сынып оқушылары үшін ақын және композитор Иса Байзақовтың 120 жылдығына арналған ақпараттық сағат өткізілді.

Бұл шарада оқушылар Павлодар өңірінің талантты перзенті, халық ақыны, әнші, дарынды әртіс Иса Байзақов туралы білімдерін тереңдетуге мүмкіндік алды. Кітапхананың ақпарат, тіркеу және бақылау бөлімі басшысы А.Аульбаева оқушыларға «Ертістің Павлодар өңірінің әдеби картасы», «QR- кітапхана», «Есімдер шоқжұлдызы: Павлодар облысының мәдениеті мен өнері» сияқты қашықтан пайдалануға болатын электронды ресурстар жайында мәлімет берді. Дәл осы ақпараттық қорлардан оқушылар өздігінен И.Байзақовтың өмірі мен шығармашылығы жайында ақпарат алуына мүмкіндігі бар екені айтылды.

Шара соңында, оқушылар Иса Байзақовтың өлеңдерін жатқа оқыды.