Тәуелсіздік күні қарсаңындағы ақпараттық сағат

12 желтоқсан күні  С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні қарсаңында №1 мектеп-интернатының тәрбиеленушілерімен ақпараттық сағат өткізді. Шара барысында балалар «Желтоқсан желі» фильмінен үзінді тамашалап, викторинаға белсенді қатысты, кітапхана қорындағы кітаптарға да шолу жасалды.