«По страницам иностранных книг» ақпарат сағаты

6 - сәуірде кітапхананың оқырмандарына арналған әлем әдебиеті залында «По страницам иностранных книг» атты ақпарат сағаты өтті.

«Тілдердің алуан түрлілігі – адамзат мұрасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Шетел әдебиетіне шолу» әдебиеттеріне библиографиялық шолу жасалды. Шетелдік авторлардың кітап жаңалықтары мен олардың шығармалары, ағылшын тіліндегі оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдары ұсынылды. Басты мақсат: оқырманды кітап жаңалықтарына қызықтыру, осы шығармаларды оқуға деген ынтасын ояту.