«Ер жүрек жерлестеріміз» тарих сағаты

4 мамыр күні Ұлы Жеңіс мерекесіне орай С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың қызметкерлері  «Самал» оңалту орталығында «Ер жүрек жерлестеріміз» атты   тарих сағатын өткізді. Шараға қатысушылар  «Павлодар облысы Ұлы Отан соғыс жылдарында» атты бейнероликті  тамашалап, Кеңес Одағы батыры атағын алған павлодарлық батырлардың ерлік жолымен танысты.