«Чернобыль-болған оқиға. Чернобыль-қасірет» атты. Ақпараттық сағат

21 сәуірде Павлодар қаласындағы Машина жасау колледжінің студенттеріне «Чернобыль-болған оқиға.Чернобыль-қасірет» атты ақпарат сағаты өткізілді. Іс – шара студенттерді  20 ғасырдағы техногендік сипаттағы ең қорқынышты трагедиялардың бірі – Украинадағы Чернобыль АЭС апаты - бейбіт атом тарихында орын алған ең үлкен апатпен таныстыруға бағытталды. Апат салдарынан ауыл шаруашылығы айналымынан шамамен 5 млн га жер шығарылды, станцияның айналасына 30 шақырымдық шеттету аймағы құрылды, жүздеген ұсақ елді мекендер көмілді. Сонымен қатар адам денсаулығына келтірілген зардаптар: онкологиялық науқастар санының артуы, психикалық бұзылулар және т. б. туралы да айтылды.  Апаттың салдарын жоюға қатысқан адамдардың - электростанция қызметкерлерінің, өрт сөндірушілердің, тікұшақ ұшқыштарының, әскери қызметшілердің ерлігі мен батылдығы туралы кітаптардағы әңгімелер студенттерді  терең толғантты. Чернобыль АЭС-ғы апатты жоюшылардың жасаған ерлігі ешқашан ұмытылмайды.