А.Байтұрсыновтың 12 томдық шығармалар жинағы боынша «Ахмет Байтұрсынұлы мұрасы – ұлт қазынасы» оқырман конференциясы

24 қараша күні С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы аясында шығарылған 12 томдық шығармалар жинағы бойынша конференция өтті. Бұл бұрын-соңды жарық көрмеген қазақ және орыс тілдерінде ҚР мәдениет және спорт Министрлігінің «Әлеуметтік маңызы бар әдебиет» бағдарламасы бойынша шыққан шығармалар жинағы.

Биыл көрнекті ғалым, қазақ тіл білімінің, әдебиеттану ғылымының негізін салушы, аудармашы және қоғам қайраткері, қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысының жетекшілерінің бірі Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толып отыр.

Бұл еңбектің бір ерекшелігі - кітапта төте жазумен қатар оның кирилл әрпіндегі нұсқасы қатар беріледі. Бір ғасыр бұрын қалай жазылса, дәл солай беріліп отыр.

Шараға -филология ғылымдарының кандидаты, Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогиалық университетінің профессоры- Шақаман Ырысгүл Бектемірқызы,
тарих ғылымдарының кандидаты, доцент- Канафин Канат Кинаятович, оқытушылар, ППУ студенттері, М.Канапиянов атындағы ППУ жоғарғы колледж, техникалық- экономикалық колледж студенттері қатысты.