«Прозаға тың құбылыс әкелген тұлға» оқырман конференциясы

2023 жылдың 27 қыркүйегінде «Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы аясында жазушы Төлен Әбдіковтің шығармашылығына арналған «Прозаға тың құбылыс әкелген тұлға» атты оқырман конференциясы өтті.

Конференцияға автор Төлен Әбдіков өзі онлайн желісі арқылы қосылды. Кеш қонағы жиналған көпшілік оқырман қауымға әдебиет, адамгершілік, руханият төңірегінде ой бөлісті. Филология ғылымдарының кандидаты, Торайғыров университетінің профессоры С.Т.Елікбаев, университет профессоры Р.М.Мүталиева қатысып, баяндамалар жасады. Торайғыров университетінің студенттері Рымбек Абзал, Мұхамедқали Айдана «Парасат майданы» шығармасы туралы өздерінің пікірлерін айтты.

Конференцияға қатысушыларға прозашы, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Төлен Әбдіков құттықтау хат жолдап, алғысын білдірді.

Оқырман назарына «Адалдық алаңындағы қаламгер» атты кітап көрмесі ұсынылды, онда Т.Әбдіковтің туындылары, сондай-ақ оның шығармашылығына арналған кітаптар, энциклопедиялар, анықтамалықтар қойылды.

Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, қалалық мектеп кітапханашылары, студенттер, оқырмандар қатысты.