СӨС клубының жиналысы: «Тағы да тұмау туралы!»

«Жастар жылы» шеңбері аясында облыстық кітапхана жас өспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау туралы іс-шаралар өткізеді. 16 қазанда  «Салауатты өмір салты» клубының кеңес отырысы өтті, іс-шараға Павлодар инновациялық көпбейінді колледж студенттері қатысты. Павлодар қаласының №5 емхананың медицина қызметкері Горошкова Виктория Петровна мәлімдеме жасады. Іс-шарада студенттер тұмаудың негізгі факторларымен, ауру белгілерімен және вирусты аурулардың алдын алу ақпаратымен таныс болды. Әрбір қатысушы  «Тұмау және ЖРВИ», «Өзіңді және жақындарыңды қорғау» жаднамаларын алды.  Дәріс аяқталысымен экскурсия өткізілді және«Тәрбие жұмысынын әдістемесі» тақырыбына әдебиеттік шолу жасалды.