«Цифрлы Қазақстан» тақырыбындағы семинар

14 қараша күні «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын, «Школа творчества и профессионального мастерства» бағдарламасын жүзеге асыру және «E-kitap.kz» Павлодар облысының Онлайн-кітапханасы» электронды кітаптардың бірыңғай базасын қалыптастыру шеңберіңде өлкетанулық қорды сандық жүйеге көшірумен айналысатын аймақтың көпшілік кітапханаларының мамандары үшін шеберлік-сыныбы ұйымдастырылды, онда облыстық кітапхана қызметкерлері кітаптарды сандық жүйеге көшіру техникасы және сандық жүйеге көшірілген ақпараттың «КазНЭБ» және «Павлодар облысының Онлайн-кітапханалары» контентінің толтыру талаптарына сәйкестігі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тәжірибелік сабақтар өткізді.