Кітап апталығы басталды

24 наурызда С.Баязитов атындағы балалар оқу орталығында балалар мен жасөспірімдер кітабының апталығы басталды. Жыл сайын көктемгі демалыста көңілді сайыстар, әдеби квесттер, авторлармен кездесулер, шығармашылық сабақтар өткізіледі. Бүгін ізденімпаз және көп оқитын оқырмандар «Сказочная страна. Знаете, где она?» атты викторинаға қатысты.

Күн бағдарламасы сүйікті балалар кітаптарының кейіпкерлері - авторлық ойыншықтар көрмесімен жалғасты. Людмила Владимировна Костюченко мақтадан ойыншық жасаудың тарихы мен технологиясына тоқталды. Людмила Владимировнаның жетекшілігімен жігіттер өз ойыншықтарын жасауға тырысты.

Сондай-ақ, ең белсенді оқырмандар марапатталды. Балаларға кітапхана атынан тәтті сыйлықтар, кітаптар мен алғыс хаттар табысталды.