Алғыс айту күні

Алғыс айту күні көктемнің алғашқы күні - 1 наурызда қазақстандықтар тойлайды. Дәл осы күні 1995 жылы елімізде тұратын барлық этностардың бірлігі мен достығының символына айналған институт - Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды.

1 наурыз күні С.Баязитов атындағы балалар оқуы орталығының қызметкерлері №7 арнайы мектеп-интернатының 3 және 4 сынып оқушыларымен Алғыс айту күніне арналған танымдық-шығармашылық сабақ өткізді. Сабақтың бірінші бөлімінде балалар мерекенің тарихын біліп, ризашылықтарын білдіретін сөздерді еске алды. Содан кейін барлығы бірге осы мерекенің символын - ақ жапырақтары бар гүлді бояп ашық хат жасады. Мереке аясында жасаған ашық хатын әр бала ата-аналары мен мұғалімдеріне сыйлады.